Қызмет бағыты

Ақпараттық технологиялар және бағдарламамен қамтамасыз ету орталығы (АТжБҚЕО) Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің (ары қарай – университет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
АТжБҚЕО-ның негізгі мақсаты – заманауи ақпараттық технологияларды енгізу және сүйемелдеу арқылы университет қызметін оңтайландыру.
АТжБҚЕО қызметінің негізгі компоненттері:
- университеттің корпоративтік желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- университет құрылымдары үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу;
- университеттің ресми веб-сайтын сүйемелдеу;
- университет бөлімшелерінде компьютерлік техниканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- компьютерлік сыныптарда оқу процесін техникалық қамтамасыз ету;
- заманауи интерактивті оқыту құралдарын енгізу;
- емтихан сессиялары кезеңінде аралық және қорытынды тестілеуді техникалық ұйымдастыру және өткізу;
- электрондық университет жүйесін әзірлеу және енгізу.

Міндеттері:

- мультимедиялық дәрісханалық кешендерді құру, толтыру және қолдау;

- автоматтандырылған үйретуші жүйелерді алу, құру және енгізу: электрондық оқулықтар, виртуалдық зертханалар, каталогтар;

- тестілеу жүйесін әзірлеу арқылы студенттер білімдерін бағалау үдерісін автоматтандыру;

- ақпаратты-коммуникативтік технологияларға негізделген, жаңашыл оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және қолдану;

- арақашықтықта оқытуды енгізуге ресурстарды дайындау.

Қызметкерлері:

Кәкімов Жарқын Әмірханұлы

Қызметі: инженер

Серікұлы Сұлтан

Қызметі: цифрлік офицер

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ