Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінде 08.10.2025 жылы Заң және тәртіп» тақырыбы аясында профилактикалық шара ұйымдастырылды.
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінде 08.10.2025 жылы <<Заң және тәртіп» тақырыбы аясында профилактикалық шара ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Мирзалиев Омирбек Саветбекович 1–2 курс студенттерімен кездесу өткізіп, жастарға заң талаптарын сақтау және жеке жауапкершілікті арттырудың маңызы жөнінде түсіндірме жұмыс жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Спикер құмар ойындарға әуестенудің (игроманияның) зияны, нашақорлықтың салдары және қоғамдық тәртіп пен мәдениетті сақтау қажеттілігі туралы баяндады. Сонымен қатар, студенттерді оқу орны ішіндегі тәртіп ережелерін сақтауға шақырды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

Жиын жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

