AI SANA: «КРЕАТИВТІ ОЙЛАУ МЕН СМАРТ ДАҒДЫЛАРҒА ЖОЛ»

AI Sana – бұл студенттер, магистранттар мен докторанттар арасында жасанды интеллект саласындағы дағдыларды жан - жақты дамытуға бағытталған бірегей акселерациялық бағдарлама. Жасанды интеллект – ХХІ ғасырдың басты ғылыми-техникалық жетістіктерінің бірі. Ол тек қана ақпараттық технологиялар саласында емес, сонымен қатар білім беру, медицина, өнеркәсіп, экономика, тіпті күнделікті өмірімізде де кеңінен қолданылып келеді. Бүгінгі талқылауымыздың мақсаты – жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін, оның даму бағыттарын, қоғамға тигізетін әсерін саралап, артықшылықтары мен тәуекелдерін ортаға салу. Жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін, болашағын және қоғам өміріндегі маңызын талқылау, сонымен қатар ғылыми пікір алмасу алаңын қалыптастыру. Іс-шара барысында: * Жасанды интеллекттің қазіргі даму деңгейі мен негізгі бағыттары қарастырылды; * Білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, қаржы салаларында ЖИ технологияларын қолдану тәжірибелері ұсынылды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ